Жоба жайлы

Қарағанды және Қостанай облыстары бойынша «ZHAS PROJECT» шағын гранттар конкурсы туралы
ЕРЕЖЕ

    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     

    1.1. Осы Ереже жастардың бастамаларын қолдауға және NEET (уақытша жұмыссыз жастар) санатындағы жастарға жағдай жасауға бағытталған «ZHAS PROJECT» шағын гранттар конкурсын өткізу тәртібін айқындайды.

    1.2. Шағын гранттар конкурсы (бұдан әрі – конкурс) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.07.2023 жылғы № 287-НҚ бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының қосымша тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен мемлекеттік грант шеңберінде өткізіледі.

    1.3. NEET санатындағы (уақытша жұмыссыз жастар) жастарға (18 жастан 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда)) әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған сомасы 1 000 000 теңгеге дейін шағын гранттар беру.

    1.4. Шағын гранттарды іске асыратын аумақтар – Қарағанды және Қостанай  облыстары.

    1.5.  Шағын гранттар саны 28 жобаны құрайды, оның ішінде Қарағанды облысында 14 шағын грант және Қостанай облысында 14 шағын грант.1.6. Шағын гранттарды іске асыру мерзімі 4 (төрт) айдан аспайды.

    1.7. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

    Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;

    Оператор – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ;

    Ұйымдастырушы – ҚҚ «Қазақстанның Экологиялық қоры»;

    Шағын грант – осы Ережеге сәйкес берілетін, іске асыру мерзімі 4 (төрт) айдан аспайтын сомасы 1 000 000 теңгеге дейінгі «ZHAS PROJECT» гранты;

    Өтінім беруші – конкурсқа қатысуға өтінім берген, Қазақстан Республикасының 18 жастан 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) азаматы болып табылатын және өткізу аумағында тұрақты/уақытша тіркеуі бар жеке тұлға;

    Грант алушы – шағын грант алған конкурстың жеңімпазы;

    Уақытша бос жүрген жастар – жастардың уақытша жұмыс ңстемейтін, білім беру ұйымдарында білім алмайтын немесе кәсіптік даярлықтан, қайта даярлаудан өтпейтін, жұмыспен қамту және беру саласынан тыс бөлігі;

    Конкурс – осы Ережеге сәйкес шағын гранттар беру үшін жеңімпаздарды анықтау процесі;

    Конкурстық комиссия – грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді бағалау үшін Ұйымдастырушы құратын алқалы орган.

     

    1. КОНКУРС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

     

    2.1. Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілер барлық көрсетілген критерийлерге сәйкес келуі тиіс:

    • өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
    • өтінім берген кезде өтініш берушінің жасы 18-ден 35 жасқа дейін (34 жасты қоса алғанда) болуы тиіс («Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңының 1-бабына сәйкес 35 жасқа толған қазақстандықтар жастар болып табылмайды);
    • өтінім беруші өтінім берген сәтте өңірдің аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс;
    • өтінім беруші өтінім берген сәтте уақытша бос жүрген жастар мәртебесінде болуға тиіс.

    2.2. Өтінім беруші конкурсқа қатысу үшін тек 1 (бір) әлеуметтік жобаны ұсына алады.

    2.3. 2023 жылы «ZHAS PROJECT» жастар корпусын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде шағын грант алған өтініш берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

     

    1. ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

     

    3.1. Өтінім беруші ұсынған жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.

    3.2. Жобаны өтініш беруші 4 (төрт) айдан аспайтын мерзімде іске асыруы тиіс.

    3.3. Конкурс шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін жобаларға, сондай-ақ мынадай бағыттағы жобаларға қолдау көрсетілмейді:

    • жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер көрсетуді/тауарлар сатуды көздейтін коммерциялық қызмет;
    • ұсақ жөндеуді қоспағанда, құрылыс жұмыстарының қандай да бір түрлерін немесе ғимараттарды/үй-жайларды, оның ішінде стадиондарды, жылыжай кешендерін реконструкциялау/қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды көздейтін жобалар;
    • жергілікті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін жабдықтарды/тауарларды сатып алуды/жалға алуды көздейтін жобалар;
    • діни ұйымдарға қызмет көрсету жөніндегі жобалар (шіркеулерді, мешіттерді жөндеу немесе салу, діни білім беру, діни әдебиетті басып шығару және т. б.);
    • қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін жобалар;
    • жер учаскелерін сатып алуды/жалға алуды, тұрғын үй сатып алуды/жалға алуды, автокөлік сатып алуды ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуды көздейтін жобалар;
    • соңғы жыл ішінде алған және (немесе) басқа көздер есебінен тікелей ақшалай қаржыландыру алатын жобалар;
    • ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу әдістемелерін/бағдарламаларын әзірлеу;
    • баспаханада қолжазбалар, журналдар, газеттер жазуды/басып шығаруды көздейтін жобалар;
    • мақсаты ақшалай сыйлықтар тапсыру, құттықтауларды ұйымдастыру, қандай да бір бағдарламаларды немесе жобаларды іске асырғаны үшін ақшалай сыйақы беру және т. б. болып табылатын жобалар;
    • грант қаражаты есебінен тікелей ақшалай қайырымдылық көмекті көздейтін жобалар;
    • жыныс, нәсіл, діни сенім, жас белгісі бойынша кемсітушілікке әкеп соғуы мүмкін қызметті жүзеге асыру.

    3.4. Жобаны іске асыру шеңберінде шығындардың мынадай түрлеріне тыйым салынған:

    • облыстан тыс жерлерге сапарларға (іссапарларға, оқуға) байланысты шығындар;
    • медициналық қызметтерге ақы төлеу;
    • оқу шығындары, өтініш берушінің біліктілігін арттыру курстары;
    • жабдықтарды/тауарларды шетелде, шетелдік сайттарда сатып алу;
    • бұрын пайдалануда болған тауарларды сатып алу.

    3.5. Жоба онлайн-өтінім нысанына толығымен сәйкес ресімделуі тиіс.

     

    1. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

     

    4.1. Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

    Негізгі кезеңдер атауы

    Орындалу мерзімі

    1.

    Жобаны 2024 жылы Ұйымдастырушының, Оператордың, мүдделі серіктестердің интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерінде іске қосу туралы жариялау

    2024 жылғы 19 ақпан

    2.

    Конкурсқа әлеуетті қатысушылар үшін ақпараттық-түсіндіру науқанын өткізу (конкурс шарттары туралы мақалалар мен посттарды жариялау, аудандарда семинарлар, көрнекі өнімдер шығару, Telegram-bot, колл-орталықтың консультациялары, т. б.).

    2024 жылғы 19 ақпан-2024 жылғы  24 наурыз аралығы

    3.

    Ұйымдастырушының, Оператордың, мүдделі серіктестердің интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерінде конкурстың басталғаны туралы хабарландыруды жариялау

     

    2024 жылғы 25 наурыз

    4.

    Жастардан өтінімдер қабылдау

    2024 жылғы 25 наурыздан бастап 2024 жылғы 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін

    5.

    Өтінімдерді конкурстық іріктеу

    2024 жылғы  25 сәуір- 21 мамыр аралығында

    6.

    Ұйымдастырушының интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерінде іріктеу нәтижелерін қорытындылау және жариялау

    2024 жылғы

     22 мамыр

     

    4.2. Конкурстың басталғаны туралы хабарландыру мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:

    1) конкурстың ЕРЕЖЕСІ;

    2) конкурс өткізу тәртібі;

    3) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;

    4) байланыс ақпараттар.

     

    1. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

     

    5.1. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші сауалнама нысанына
    (1-қосымша) сәйкес барлық қажетті сауалнамалық деректерді толтырып,  Ұйымдастырушының сайтында тіркелуі тиіс.

    5.2. Сайтқа тіркелгеннен кейін өтінім беруші:

    • жобалық өтінім нысанын толтыру. Өтінім әрбір тармақ бойынша және белгіленген нысанға сәйкес толтырылуы тиіс (2-қосымша);
    • өтінім беру сәтінде өңір аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелгенін растайтын құжат қоса берілсін;
    • өтінім беруші өтінім берген сәтте уақытша жұмысқа орналастырылмаған жастар мәртебесінде екенін растайтын құжаттарды қоса беруге міндетті.

    5.3. Жобалық өтінімдерді қабылдау кезеңінде сайтта ақаулықтар мен мәселелер туындаған жағдайда және оларды бір күн ішінде шешу мүмкін болмаған жағдайда, өтініш берушілерге электрондық пошта, Telegram-боты және т.б. арқылы жобалық өтінімді берудің баламалы әдісі ұсынылады.

    5.4. Конкурсқа қатысуға өтінім өтінім берушінің осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.

    5.5. Өтінім беруші өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

    5.6. Ұйымдастырушы өтінімдерді қабылдау үшін белгілеген күннен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

    5.7. Ұйымдастырушы алынған ақпараттың құпиялылығына және өтінім берушілердің жеке деректерінің сақталуына кепілдік береді.

     

    1. ЖОБАЛАРДЫ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ

     

    6.1. Жобаларды конкурстық іріктеу екі кезеңде өтеді:

    1) техникалық іріктеу;

    2) конкурстық комиссияның іріктеуі.

    6.2. Өтінімдерді техникалық іріктеуді ұсынылған құжаттардың толықтығы мен олардың осы Ереженің шарттарына сәйкестігін анықтау мақсатында Ұйымдастырушының қызметкерлері жүргізеді.

    6.3. Техникалық іріктеуді жүргізу кезінде Ұйымдастырушы қызметкерлері келесі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

    • өтінім берушінің белгіленген талаптарға сәйкестігі. Өтінім беруші осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген талаптарына сәйкес келуі тиіс.
    • жобаның бағыттылығы. Ұсынылған жобалар осы Ереженің 3-бөлімінің тармақтарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
    • өтінім берушінің жобалық өтінімінің рәсімделуі мен толықтығы. Барлық ұсынылған өтінімдер осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделуі және толтырылуы тиіс. Өтінімге барлық талап етілетін құжаттар қоса берілуге тиіс.

    6.4. Жобалық өтінімнің техникалық іріктеу кезеңінде шағын гранттар конкурсы Ережесінің талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Ұйымдастырушы өтініш берушіге ескертулерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Өтінім хабарлама алғаннан кейінгі келесі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде пысықталуы тиіс. Көрсетілген мерзімде барлық ескертулер жойылмаған жағдайда өтінім қабылданбайды.

    6.5. Техникалық іріктеу нәтижелері жоба Ұйымдастырушысының сайтында жарияланатын хаттамамен ресімделетін болады.

    6.6. Техникалық іріктеуден өткен барлық өтінімдер конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына жіберіледі. Конкурстық комиссия сыртқы сарапшылардан тұратын және бағалау өлшемшарттарына сәйкес жобаларды іріктейтін болады.

    6.7. 5 адамнан кем емес құрамында жастар саясаты, ішкі саясат, қоғамдық даму мәселелері жөніндегі басқармалардың, жастар ресурстық орталықтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тиісті аймақтардағы жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін  комиссия құрамын Оператормен келісуімен Ұйымдастырушы құрады.

    6.8. Конкурстық комиссияның хатшысы оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, оның мүшесі болып табылмайтын және дауыс беруге қатыспайтын Ұйымдастырушының өкілі болып табылады.

    6.9. «Мүдделер қақтығысы» жағдайының туындауын болдырмау үшін жеке мүдделілігі шешім қабылдау процесіне әсер етуі мүмкін конкурстық комиссияның мүшесі туындаған «мүдделер қақтығысы» туралы конкурстық комиссияның хатшысына хабарлауы және Комиссия мүшесінен шығуы тиіс.

    6.10. Жобаларды қарау мен бағалауды конкурстық комиссияның әрбір мүшесі бағалау өлшемшарттарына сәйкес дербес жүргізетін болады.

    6.11. Комиссия мүшелері жобаларды келесі өлшемшартар бойынша бағалайды.

    р/с №

    Бағалау өлшемшарттары

    Баға

    (0-5 балл)

    1.                   

    Жобаның әлеуметтік маңызы

    (жоба шешуге бағытталған әлеуметтік мәселенің маңыздылығы, мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі)

     

    2.                   

    Жоба нәтижелерінің қол жетімділігі

    (жоба нәтижелерінің болуы, нақтылығы және шынайылығы, жобаның нысаналы тобын қамту)

     

    3.                   

    Жобаның тұрақтылығы

    ( жобаны одан әрі дамыту және қаржыландыру аяқталғаннан кейін қызметін жалғастыру келешегінің болуы)

     

    4.                   

    Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы

    (жобаны орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының қисындылығы мен дәйектілігі, жобаның жоспарланған іс-шараларының оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі)

     

    5.                   

    Бюджеттің орындылығы мен негізділігі

    (бюджеттің жоспарланатын баптарының жоба бойынша болжанатын қызметке сәйкестігі)

     

     

     

    6.12. Әрбір өлшемшарт бес балдық (0-ден 5-ке дейін) шкала бойынша бағаланады.

     

    Өлшемшартқа сәйкестікті бағалау шкаласы: 0-5 балл (бүтін сандар)

    0 балл

    сәйкессіздік

    1-2 балл

    нашар сәйкестік

    3 балл

    қанағаттанарлық сәйкестік

    4 балл

    жақсы сәйкестік

    5 балл

    өте жақсы сәйкестік

     

    6.13. Конкурс жеңімпаздарын анықтау конкурстық комиссиясының отырысында жүргізіледі.

    Комиссияның отырысына оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, ол заңды болып табылады. Комиссия төрағасы комиссия отырысында сайланады.

    6.14. Конкурстық комиссияның отырысында жобалардың жиынтық рейтингі қаралады, ол Комиссияның барлық мүшелерінің жобаларды бағалау қорытындылары бойынша жасалады.

    Жобалардың рейтингі жобаның жалпы балының негізінде қалыптастырылады.

    6.15. Комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды. Хаттама Ұйымдастырушының сайтында орналастырылады.

    Конкурстық комиссияның шешімі түпкілікті сипатта болады және өзгертуге жатпайды.

    6.16. Конкурстың жеңімпаздары болып жалпы және қосымша баллдардың ең көп сомасын жинаған 28 өтініш беруші (14 – і Қарағанды облысынан және 14 – і  Қостанай облысынан) танылады.

    6.17. Конкурстық комиссия өтініш берушілерде тең балды айқындаған жағдайда, шағын гранттың жеңімпазы қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

    6.18. Егер 28 Грант алушыны анықтағаннан кейін шағын гранттарды қаржыландыруға бөлінген қаражатта үнемдеу болған жағдайда, Оператормен келісім бойынша үнемделген жинақ сомасына Грант алушылардың қосымша санын анықтау мақсатында конкурстық комиссияның отырысы өткізіледі.

    6.19. Конкурстық комиссияның шешімі негізінде Ұйымдастырушы шағын грант жеңімпаздарымен шағын грант беру туралы шарт жасасады.

    6.20. Жеңімпазбен шағын грант беру туралы шарт жасасу мүмкін болмаған жағдайда, конкурстық комиссия ең жоғары балы бар келесі өтініш берушіге шағын грант беру туралы шешім қабылдайды.

    6.21. Ұйымдастырушы барлық өтініш берушілерге конкурстық іріктеу нәтижелері туралы ресми хабарлама жібереді.

    6.22. Егер шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарының саны Қарағанды облысы мен Қостанай облысының аумақтарында 28-ден аз жобаны құраса, ұйымдастырушы оператормен келісім бойынша қосымша конкурс жариялайды.

    6.23. Егер грант алушы шағын грантты іске асыру процесінде өз міндеттемелерін орындамаса, шағын грант ұйымдастырушыға қайтарылуға жатады. Өз кезегінде Ұйымдастырушы Оператормен келісім бойынша қосымша конкурс жариялайды.

     

    1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

     

    7.1. Грант алушылар мен Ұйымдастырушы шағын грант беру туралы жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

    1. ГРАНТ ҚАРАЖАТЫН АУДАРУ ТӘРТІБІ

     

    8.1. Шағын грантты бөлу конкурстық комиссияның хаттамасы және шағын грантты беру туралы қол қойылған шарт негізінде жүзеге асырылады. Шағын грант беру туралы шарт жасасу кезеңінде Ұйымдастырушы жобаны сапалы іске асыру мақсатында өтініш берушінің жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.

    8.2. Грант беру туралы шарттарға қол қою мерзімдерін қысқарту мен жобаларды іске қосу процесін жеделдету мақсатында грант алушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып шартқа қол қою мүмкіндігі берілетін болады.

    8.3. Грантты қаржыландыруды Ұйымдастырушы жобаның бекітілген сметасына сәйкес берілген грант алушылар ұсынатын төлем шоттары бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің есеп айырысу шотына қаражат аудару жолымен жүзеге асырады.

    Жеткізушілерді Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) https://stat.gov.kz/ru/juridical/oked/ сайтына, төлемдерді тағайындау кодына (ТТК)  сәйкестігін тексеру қажет.

    Жобалар шеңберінде тартылатын мамандардың қызметтеріне ақы төлеуді Ұйымдастырушы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ұстай отырып, Орындаушының есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырады.

    8.4. Шығындар сметасын түзетуге Ұйымдастырушының жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

     

    1. ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАР МОНИТОРИНГІ ТӘРТІБІ

     

    9.1. Грант алушы жоба аяқталғанға дейін 3 (үш) күн бұрын Ұйымдастырушыға шығармашылық есеп береді (3-қосымша).

    9.2. Ұйымдастырушының сұратуы бойынша қажет болған жағдайда Грант алушы шығармашылық есептерді пысықтауы тиіс.

    9.3. Ұйымдастырушы мынадай растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, шағын гранттар тізілімін (4-қосымша) жасайды:

    • конкурстық комиссия отырысының хаттамасы;
    • шағын грант беру туралы шарт;
    • грант алушы мен Ұйымдастырушы қол қойған материалдық құндылықтар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау-беру актісі (5-қосымша);
    • орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері;
    • электрондық шот-фактуралар;
    • тауарларды босатуға арналған жүкқұжаттар;
    • төлем тапсырмалары.

    9.4. Ұйымдастырушы Грант алушыдан әлеуметтік жобаның кез келген сатысында іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұрата алады.

    9.5. Ұйымдастырушы жергілікті жерлерде әлеуметтік жобалардың іске асырылу сапасын тексеруді, жобалардың нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауды жүзеге асыру үшін мүдделі әріптестерді тарта отырып, мониторингтік топ құратын болады.

    Жобалар мониторингі шеңберінде интервью, телефон арқылы сұраулар, «жасырын сатып алушы», әлеуметтік желілер мониторингі және т. б. жүргізілетін болады.

    Шағын гранттарды іске асыру мониторингінің өлшемшарттарына мыналар кіреді:

    • белгіленген мерзімге сәйкес жоспарланған іс-шаралар мен күтілетін нәтижелердің орындалуы;
    • мақсатты аудиторияны қамту;
    • грант қаражатына сатып алынған тауарлар мен қызметтердің болуы және пайдаланылуы.

    9.6. Мониторинг қорытындысы бойынша Ұйымдастырушы шағын гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізу туралы акт жасайды.

    9.7. Гранттық жобалардың іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы ақпарат Грант алушының әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында орналастырылуы тиіс.

     

    1. 10. ГРАНТ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

     

    10.1. Ұйымдастырушының жұмыс жоспарының аясында Грант алушылар өмірлік маңызы бар дағдыларға, жұмысқа орналасу дағдыларына және әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту бағдарламасынан өту мүмкіндігіне және т.б. ие болады.

    10.2. Оқыту бағдарламасы білім беру тренингтерінің, мастер-класстардың, воркшоптардың және т. б. онлайн және (немесе) офлайн форматтарын көздейді және оның форматын Ұйымдастырушы анықтайды.

    10.3. Грант алушыларға конкурстық негізде іріктелетін және жобаларды іске асыруға жәрдемдесу үшін қажетті білімі мен тәжірибесі бар менторлардың қолдауы көрсетілетін болады. Менторлармен кездесулер онлайн және (немесе) офлайн форматта өтеді.

    10.4. Ұйымдастырушы Грант алушылармен жұмыс істеу кезінде менторларды қолдап, оларға кеңес беретін болады, сондай-ақ менторлардың жұмысына мониторинг жүргізеді.

     

    1. ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ

    БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

     

    11.1. Конкурсқа қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша жобаның колл-орталығына  +7 777 870 27 00 телефоны арқылы хабарласуға болады.

    11.2. Ұйымдастырушы өтінім берушілердің конкурсқа қатысуына байланысты шеккен шығындарын өтемейді.

    11.3. Конкурсқа қатысуға өтінім беру арқылы өтінім беруші Ұйымдастырушыға осындай өтінім құрамында ұсынылған барлық ақпаратты талдамалық және өзге де мақсаттарда пайдалануға рұқсат береді.

    11.4. Барлық туындаған дауларды Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешеді.

Scroll to Top