Əбушаһима Айерке Жомартқызы – «Кварцтау қызметі қосылған клининг қызметі»

Менің жобам: «Кварцтау қызметі қосылған клининг қызметі» бұл жоба арқылы мен Менің жобам, жұмыстан қолы босамайтын, алайда тазалықты жақсы көретін, тазалықты саулық негізі деп қарайтын көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандар үшін  көмек беру мақсатында көзделген еді.Қазір дамыған заманда ұсынылатын клининг қызметінің негізгі жаңашылдығы үй-жайды толық тазалап болғаннан кейін, инфекциялық бактериялар мен вирустардан тазарту мақсатында, санитариялық өңдеу үшін қолданылатын кварц аппаратын қосу арқылы жаңашылдық енгізу болатын.

Бұл жетістікке қалай жеттім?

«Zhasproject» жобаның арқасында мен клининг қызметі қажетті жабдықтарды сатып алдым. Менің жобам 30 шақты отбасының үйіндегі тазалықты реттеуге бағытталған. Осы жобаның арқасында мен, көпбалалы отбасына үй жиһаздарын ретке келтіруге, соғыс ардагерлерінің үйлерін жинасып, аз да болса қоғамға өз көмегімді тигізгім келеді.

Менің жобамды қолдағандардың барлығына, сондай-ақ Zhasproject негізін қалаушыға алғыс айтқым келеді.

Scroll to Top