Абилева Дана Ыбрайханқызы – “Жүрек нұры” тренингтік орталығы

Менің жобам ерекше баланы тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсетуге бағытталған. Себебі, мен өзім ерекше баланың анасы ретінде қандай қиыншылықтар кездесетінін білемін.

Жұмыссыз отырған ана ретінде мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант туралы интернеттен көрдім. Бірден бизнес жобамды жазып, Жас проект жобасына өтінішімді жібердім. Онсыз да өз бетімше, инстаграм парақшамда өзім сияқты аналармен бар білгеніммен бөлісіп жүретінмін. Көбісінен психо-эмоциональді хәлі төмен, шаршаған, көмекке мұқтаж екендігі білінетін.

Мамыр айында грант иегері атандым. Жазда грант қаражатының алғашқы бөлігі берілді. Жобамда көрсетілген тауарларды дүкеннен алдым. Қолда бар затпен видео-подкасттар жаздым. Қонаққа жетістікке жеткен ерекше баланың аналарын шақырдым. Олар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қарағанды қаласында дамыту-түзету жұмыстарын жасайтын орталықтарға бардым. Өйткені, сол жерлерде ерекше балалардың аналары болады. Оларда бірде онлайн, бірде офлайн тренингтер өткіздім.

Жоба барысында маған кезіккен қиындықтар , ол офлайн тренингке ерекше баласы бар аналарды жинау болды. Себебі, балаға қарайтын ана болғандықтан, баласын тастап, тренингке келуге мүмкіндіктері болмай жатты. Келеміз деп жазылып, келе алмай қалған адамдар көп болды. Ондайжағдайда мен зум қосымшасы арқылы онлайн қатысуғды ұсындым.

Осы менің жобамды қолдаған барлық жандарға, Ақпарат және мәдениет министрлігіне және Жас проект жобасына алғысымды білдіремін.

Scroll to Top