Қостанай жастары бір-бір бизнес ашып, өздерін жаңа қырдан таныды.
Қазақстандық жастар қазан айында бастау алған Zhas project шағын гранттар конкурсына қатысып, өз бақтарын сынаған еді. Қарашада конкурс нәтижесі шығып, әр өңір бойынша жеңімпаздардың есімі анықталған. Енді міне, араға бір айдан астам уақыт өте белсенді жастардың жобалары іске асып, алғашқы нәтижелерін беруде. Айта кетейік, бұл жобаға тек жұмыссыз жүрген жастар қатысты.
Облыс бойынша 14 жоба үздік атанып, мемлекет тарапынан әр жобаға 1 миллион теңге үлестірілген болатын. Жобалар өңірдің қажеттілігіне сай, өзектілігі мен бизнес идеяның өміршеңдігі ескеріліп таңдалған. Үздік деп танылған жобалардың қатарында: “Ару бала” би орталығы, “Қысқы ертегі: баршаға арналған қуаныш” жобасы, ерекше күтімді қажет ететін балалардың сандық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоба, кілем тоқуға үйрететін “QazKilem”жобасы, балалардың зейінін ашатын “Вундеркинд” жобасы және тб.
Ембергенова Аружанның бастамасымен іске асқан “Ару-бала” жобасы көпбалалы отбасының, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан қыздарды би үйірмесіне тегін қабылдап, би өнеріне баулиды. Оқушылар арнайы тренаждардың көмегімен гимнастикамен айналысады, күнделікті
дене жаттығуларын орындайды.
Би орталығына келген балақай энергиясын дұрыс бағытта жұмсап, дені сау, шымыр болады. Балаларының уақыты дұрыс әрі тиімді жұмсалғаны ата-аналарды да қуантты.
Көзге түскен атауға тұрарлық жобалардың бірі – “Қысқы ертегі: баршаға арналған қуаныш” жобасы. Аяз ата мен Ақшақар, алып қуыршақтар жағдайы төмен отбасылардан шыққан баларды, мүмкіндігі шектеулі балақайларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, бір қуантты. Мерекелік шаралар көптің көңілінен шығып, ұйымдастырушылар жылы ықыластарына бөленді. Балалар өнерлерін көрсетіп, тәтті сыйлықтар алды. Жоба авторы Анастасия Пожар болашақта мерекелерді жоғары деңгейде ұйымдастыратын агенттік ашуды көздейді.
Денсаулығында ақауы бар балалардың компьютерлік сауаттылығын көздеген Ақылжан Досжанов Zhas project жобасы аясында 15 балақайды тегін оқытып, зейінін ашты. Бұл жоба ерекше күтімді қажет ететін балаларға жаңа білім берумен қатар, цифрлық қоғамға бейімделуге көмектесетін қабілеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Яғни бұл балардың қоғамға тез сінісіп кетуіне оң әсерін бермек. Жобаның болашағы зор, қоғамдық маңызы үлкен деп санаймыз.
Ерекшеленген жобалардың бірі – кілем тоқуға үйрететін QazKilem жобасы. Оқушыларды заманауи тәсілмен орындалатын қолөнерге баулу Егор Анненковтің бастамасымен іске асты. Түрлі мультфильмдер кейіпкерлерін бейнеленген жұмсақ кілемдер өз тұтынушысын тауып, сұранысы болатыны сөзсіз. Ұйымдастырушылар жас ұрпаққа тегін мастер класстар өткізіп, бар білгенін практика жүзінде көрсетті. Шеберлік сабақтарына осал топқа жататын жанұялардан шыққан оқушылар қатысты. Балалар бұл өнерге қызығушылық танытып, барлық берілген ақпаратты меңгеріп алды.
Осынындай түрлі шаралар Қостанай облысының жас кәсіпкерлерінің қолымен атқарылуда. Істері өрлеп, үлкен компанияларға айналуына сенемсіз.
Баршаларыңызға сәттілік тілейміз!